Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд ширек финалда тәжікстандық Ашрор Вахидовты 4:1 есебімен жеңді.
Қазақстандық боксшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама алғанын естеріңізге саламыз.
Бұған дейін Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Айбек Оралбай (92 келі) Париж жолдамасына қол жеткізген еді.