15 мәскеулік бренд өкілінен тұратын делегация Алматыдағы Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесіне қатысып жатыр. Ресей астанасының белді киім, аяқкиім және басқа да күнделікті тұрмысқа керек зат өндірушілер Мәскеу экспорт орталығының қолдауымен болашақ серіктестеріне өз өнімдерін таныстыруға ынталы.
Осы орайда көрші ел компаниялары экспортта танылып үлгергенін айта кеткен жөн.
Бизнес-миссияның қалған қатысушылары алғаш рет өз өнімдерін шетелдік нарықта ұсынбақ. Бұл Maslov премиум былғарыдан және жүннен жасалған сыртқы киімдері мен аксессуарлары; MD Makhmudov Djemal әйелдер мен ерлерге арналған дизайнерлік киімдері; Круже ханымның шілтерлі аксессуарлары мен киімдері; Doctor TM түйе жүнінен және басқа да табиғи материалдардан жасалған киім, ішкиім және термиялық ішкиімдері; Vanity voice сырт киімі, кашемир, трикотажы; SMENA оқу киім-кешегі мен күнделікті балалар киімі; IGOR YORK былғарыдан жасалған сөмкелері; long RIVER былғарыдан жасалған бұйымдары және Rachellfabri, ALENA KOCHETKOVA, EVGENIA KOLOS брендтерінің әйелдер киімдері.
«Қазақстан нарығы мәскеулік компанияларда зор қызығушылығық тудырып жатыр. Біз мұны сауда-саттық барысынан көріп отырмыз. Мысалы, Ресей астанасының дизайнерлері Қазақстанға балалар киімдерін, кешкі киімдер мен аксессуарларды жеткізіп жатыр. Бұл үрдісті қолдау үшін Мәскеу экспорт орталығы Central Asia Fashion көрмесі аясында бизнес-миссия құрамында 15 мәскеулік сән брендінің қатысуын ұйымдастырды. Келіссөздер барысында кәсіпкерлер жаңа шетелдік серіктестер таба алатынына сенімдімін. Мәскеу жеткізушілерінің өнімдері мен қызметтеріне мүдделі Қазақстан компаниялары Мәскеу экспорт орталығына жүгіне алады. Біз болсақ, ақысыз негізде ең қолайлы ұсыныстарды қарастырып, Ресей астанасының компаниялары туралы толық және өзекті ақпаратты ұсынуға әзірміз», – деп атап өтті Мәскеу экспорт орталығының бас директоры Виталий Степанов.