Қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғани Қалиев 86 жасында өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ғани Қалиев еліміздің саяси өміріне де белсенді араласқан, ҚР Жоғарғы кеңесі мен Парламент Мәжілісінің депутаты болған. Сонымен қатар «Ауыл» партиясының экс-төрағасы.
Ол 1938 жылы жылы 19 шілдеде Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында туған.
Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы болып бастаған.
1968-1984 жылдары Қазақтың ауылшаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988-1996);
1984-1988 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры;
1991-1996 жылдары Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды.
1999 жылдан бастап Парламент Мәжілісінің депутаты атанды.
Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылғанын атап өткен жөн.