"Қазгидромет" 13-15 наурыз күндері Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2024 жылғы 13-15 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашынның күтілуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін», – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Осы ретте ведомство тұрғындарды қар басқан беткейлерге шықпауға, мүмкіндік болса тауға бармауға шақырды.