"Бишімбаев ерекше қорғалмайды": Бас прокурордың орынбасары экс-министрдің сотына қатысты мәлімдеме жасады

Журналистердің сот залына кіре алмауы тәртіптің қатаң сақталуына байланысты. БАҚ өкілдеріне арнайы бөлме жасақталады.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Палата төрағасы Ерлан Қошанов және Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындәлиев, қоғам назарын аударып отырған қылмыстық іске қатысты БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Үлкен резонанс тудырған материал қоғамның жіті бақылауында. Бишімбаев ерекше қорғалмайды. Кез келген айыпталушыны қарулы жасақ алып жүреді", – деді Бас прокурордың орынбасары.

Ал журналистердің сот залына кіре алмауы тәртіптің қатаң сақталуына байланысты. БАҚ өкілдеріне арнайы бөлме жасақталады.

"Барлық ақпаратты сол жерден таратуға мүмкіндік болады", – деді Әсет Шындәлиев.