Алматыдан 465 шақырым аумақта тағы да жер сілкінді

Жерасты дүмпуінің магнитудасы – MPV 4.4.

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының стансалар желісі 13  наурызда 23 сағат 11  минутта жер сілкінісін тіркеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 465 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6, магнитудасы – MPV 4.4. Тереңдігі  – 15 шақырым.

Қазақстан аумағында MSK-64 шкаласы бойынша сезілген жоқ.