Павлодар облысында жүк пойызы жылқыларды қағып кетті

Сағат 19.13 шамасында Май-Дегелең стансасы арасындағы 200 шақырымында №1284 жүк пойызының, №0084 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, бір жылқыны қағып кетті.

Павлодар облысында жүк пойызы жылқыларды қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Павлодар облысы желілік полиция бөлімінің мәліметінше, 13 наурыз күні сағат 15.29-да Көктөбе стансасынан 130 шақырымда №2505 жүк пойызының, №0121 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, екі жылқыны қағып кетті. Пойыз 10 минут тұрды.

Сағат 19.13 шамасында Май-Дегелең стансасы арасындағы 200 шақырымында №1284 жүк пойызының, №0084 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, бір жылқыны қағып кетті. Пойыз 12 минут тұрды.

«Ақсу стансасындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында мал иелерін анықтады. Олар Павлодар облысы Май ауданының тумалары, 50 және 49 жастағы азаматтар болып шықты», – деп жазылған хабарламада. 

Аталған факті бойынша мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы  1-бөлігі бойынша теміржолдың бөлінген белдеуінде мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.