Тұман, бұрқасын, көктайғақ: 15 наурызға ауа райы болжамы жарияланды

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, батысында шаңды дауыл күтіледі.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 15 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, соның әсерінен қар түріндегі жауын-шашын, Алматы, Жетісу облыстарының таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын болады. Тек Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, батысында шаңды дауыл күтіледі.