Алматы әуежайы уақытша жабылды

Алматы әуежайы рейстердің ұшып келуі үшін жабық.

Алматы әуежайы қар жаууына байланысты жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты көктайғаққа қарсы жұмыстарды жүргізу уақытша мүмкін емес. 

Сондықтан жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-ден бастап Алматы әуежайы рейстердің ұшып келуі үшін жабық.