Алматы әуежайы рейстерді қабылдап жатыр

Әуежай ұшып келетін рейстерді қабылдай бастады.

Алматы әуежайының жұмысы қайта жанданды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Алматы халықаралық әуежайы ауа райының тұрақтанғанын хабарлайды. Ұшатын және қонатын рейстерге қызмет көрсету бойынша жұмыс қайта жанданды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда үздіксіз жауған қар мен ақтүтек боранға байланысты әуежай жұмысын уақытша тоқтатқаны хабарланған еді.