Жамбыл облысында бірнеше үйдің ауласын су басты

Аулалардан барлығы 350 текше метр су сорып шығарылды.

14 наурыз күні Жамбыл облысына қарасты Түрксіб ауылы, Арай көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлердің ауласын су басты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Су басқан аула аумақтарында судың бағытын бұру және суды сорып шығару жұмыстары жүргізілді.

ТЖД күштерімен барлығы 350 текше метр су сорып шығарылды.

– Қазір су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Жағдай бақылауда, – деп жазды ТЖД.