«Адал азамат – арлы азамат» деп Президентіміз айтпақшы, арлы азамат болу отбасыдан басталады. Ол үшін адал табысты отбасы болу керек. Отбасы мүшелері бір-бірін қолдап, бірге отбасылық бизнес жасап, өз-өздерін қамтуға ұмтылу қажет. Өкінішке қарай, Кеңес үкіметі кезінен әлі күнге дейін отбасылық экономика мәселесі дұрыс қолға алынбай келе жатыр. Ол үшін «Серпін» бағдарламасының жұмысы тағы күшейтілуі қажет», – дейді депутат.
Сондай-ақ, спикер жиында бала туу деңгейін арттыру, жастарды жұмыспен және үймен қамтамасыз етуді ұсынды.
Баян Жанұзақова