Оралдық қыз үйдегі жанжалдың кесірінен көпірден секірмек болған

Полиция қызметкерлері түнгі патрульдеу кезінде көпір қоршауынан секірмекші болған қызды байқап қалады.

Оралда патрульдік полиция көпірден секірмекші болған қызды құтқарып қалды , – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Полиция қызметкерлері Дамир Казиханов пен Мирас Каримоллин түнгі патрульдеу кезінде көпір қоршауынан секірмекші болған қызды байқап қалады.

«Сақшылар шапшаңдық танытып қас-қағым сәтте қарғып кете жаздаған қызды құтқарып үлгерді», - деп хабарлады полициядан.

Белгілі болғандай, мұндай әрекетке үйдегі жанжал итермелеген. Қазір оның жағдайы жақсы және туыстары қолдау көрсетіп жатыр.