«TALQYLAU» диалогтік алаңына партияның азаматтық қоғам және мәдениетті дамыту мәселелері жөніндегі «MIRAS» аймақтық кеңесінің мүшелері, саясаткерлер, ғалымдар, фракция мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, партия белсенділері қатысты.
«Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Бүгінгі таңда ауқымы кең, өзекті тақырып, өйткені, қазір жас ұрпақ көбінесе әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл – өте қауіпті үрдіс. Интернет арқылы жат діни ағымдардың құрығына түскен жастарымыз да бар. Жастарды жаһанданудың қатерлі ықпалынан барынша сақтап, ұлттық сана сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу – ортақ міндетіміз», – деді «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева.
Жиналғандар заман ағымының жастар санасына әсері туралы да түрлі бағытта пікір таластырды. Ұлттың болашағы ұрпақ тәрбиесін ешқашан назардан шығармау керектігін сөз еткен зиялы қауым өкілдері мектеп пен балабақшаларда жеке отбасыларында да ұлттың қадір-қасиетін дәріптеп, ұлттық тәрбиенің бастауы боларлық негіздемелерді анықтап отыру керектігін айтты.