Саясаттанушының пікірінше, соңғы кезде жасөспірімдердің арасындағы топ-топ болып төбелесу фактілерінің көбеюіне назар аударуымыз керек.
«Бала бір-бірімен бала болып ойнайтын кезде, керісінше бірін-бірі жау көріп, төбелеске бейім тұруы – ойланарлық мәселе. Бұл мәселені шешу – бір мектептің ғана құзырындағы жағдай емес, жан-жақты зерттеп-зерделеуді қажет ететін күрделі жұмыс. Мектеп психологтерін бірінші кезекте аттестациядан өткізу керек. Бұл мәселені шешу үшін, меніңше, мектепте кіші, орта және жоғары сыныптарды бөлек ғимараттарда бөліп оқыту керек. Дүниежүзінің тәжірибесінде мұндай бөліп оқыту бар. Бала деген замандас-қатарластарымен ғана өседі, бір-бірінен үйренеді», – деді Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Талғат Қалиев.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА,
Атырау қаласы