Алматы тұрғындары жылусыз қалды

Алматы қаласының Бостандық ауданында апат салдарынан жылумен жабдықтау тоқтатылды.

Коммуналдық кәсіпорынның хабарлауынша, Розыбакиев – Малахов – Каблуков – Штраус көшелерінің бойындағы үйлер мен ғимараттар жылусыз және ыстық сусыз қалған, – деп жазды Aikyn.kz.

Ресми ақпарат бойынша, апаттың себебі  – магистральды жылу желісі учаскелерінің бірінде штаттан тыс жағдайдың туындауы.

"2002 жылы пайдалануға берілген диаметрі 700 мм құбырдың ақаулы учаскесін шұғыл ауыстыруды "Алматы жылу желілері" ЖШС авариялық бригадасы жүргізуде", – делінген жергілікті әкімдіктің мәліметінде.