Көкшетаулық жүргізуші жол ережесін 24 рет бұзғаны анықталды

Көкшетау полицейлері айыппұл төлемеген жүргізушіні ұстады.

Тәртіп сақшылары қала көшелерінің бірінде  Nissan Primera маркалы автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші жол ережесін 24 рет бұзып, 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлемегені анықталған. Автокөлік бірден айыптұрағына қойылды.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұдан өзге  Nissan Primera  көлігінің 24 жастағы жүргізушісі 9 наурызға қараған түні Осипенко көшесінде жол-көлік оқиғасы кезінде үш автокөлікті зақымдап, оқиға орнынан қашып кеткен екен.