Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлімдеді.
Қарағанды облысында – жалпы ұзындығы 520 шақырым 3 автожол. (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел)
1. «Қызылорда - Павлодар» Қарағанды қ. - Павлодар обл. шекарасы (барлық көлік түрі үшін)
2. «Екатеринбург-Алматы» Новостройка а. - Ақсу-Аюлы а.
3. «Қарағанды – Аягөз - Бұғаз» - Қарағанды қ. - Қарқаралы қ. (Қоғамдық және жүк көліктер үшін)
Павлодар облысында жалпы ұзындығы 71 шақырым 1 автожол. (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. «Қызылорда-Павлодар» - Қарағанды обл. шекарасы-Шідерту ауылы. (Барлық көлік түрі үшін)
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 243 бірлік техника және 454 жолшы жұмылдырылған.