Франция президентінің фотографтары Instagram-дағы парақшасында Эмманюэль Макронның қазақы тазылармен түскен суретін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Суретте Франция президентінің жанында үш ит тұрғанын көруге болады, оның екеуі – тазы.
Айта кетейік, былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция президенті этноауыл көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысты. Көрмені тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген еді. Кейін қазақы тазының екі күшігі Францияға жеткізілді.
Ал тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген ат қойылғаны белгілі болды.