2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, қазақстандық каратэші Софья Берульцева Түркияда қарсылас шақ келтірмей, қатарынан үш спортшыны жеңіп, ширек финалға өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, іріктеу сайысында 68 келіден жоғары салмақта Берульцева белгиялық Мулоло Офелиямен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Екінші жекпе-жекте Титта Кейнаненді (Финляндия) ойсырата ұтты. Есеп: 3:1
Ал үшінші бәсекеде Аустралия өкілі Салливан Ханнаны жерлесіміз 3:0 есебімен жеңді. Осылайша ширек финалға шықты.
Келесі қарсыласы – португалиялық Рита Оливейра.