Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері үйілген қоқыс арасында жалғыз жүрген баланы тауып алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері (дәрігер А.К. Молдашева, фельдшер Б.М. Каленов, жүргізуші А.С.Нарботанов) түнгі 22:00 шамасында қоқыс маңында жалғыз жүрген 2-3 жасар баланы байқаған. Қатты суықта тоңып жылаған бүлдіршінді дәрігерлер дереу жылы киіндіріп, көлікке отырғызды", – делінген жазбада.
Онда кейін бірден полиция шақырғаны айтылған. Сөйтіп, бүлдіршін анасына табысталған. Ол баласын көше кезіп іздеп жүргені белгілі болды. Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.