Жасөспірімге құтқарушылар көмегі қажет болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға Қызылорда қаласындағы “Дарын” оқу орталығында болған.
"Жедел құтқару жасағына оқушының саусағындағы сақинасын шешу қажеттігі туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар арнайы слесарлық құралдармен саусақтағы сақинаны шешті", – деп жазылған ТЖД мәліметінде.
Аталмыш оқу орталығының мұғалімі Жәуке Абзал құтқарушыларға алғыс білдірді.