Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық боксшылар 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпы есепте бірінші орынға шықты.
Сегіз боксшымыз финалда жұдырықтасып, оның төртеуі қарсыласқа есе жіберген.
Belgrade winner турнирінде жүлдегер атанған Қазақстан боксшылары:
Алтын:
Ернұр Қайрат (48 келі), Санжар Тәшкенбай (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі), Диас Молжігітов (75 келі);
Күміс:
Сабыржан Аққалықов (71 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Данияр Рақымбердиев (92 келі), Олжас Боқаев (+92 келі).