«Қаңтар оқиғасы» кезінде азаптағаны үшін бұрынғы полиция қызметкерлері сотталды − деп хабарлайды Aikyn.kz.
Талдықорған қаласының соты 2024 жылғы 18 наурызда «Қаңтар оқиғасы» барысында азаптау фактілерін қолданған бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды (ҚК 146-бабы).
Қылмыстық істі Жетісу облысының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.
«Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы Полиция департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді», – деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілген.
«Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырудың әртүрлі мерзімдеріне сотталды. Олардың біреуі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сот оларды арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.