Маңғыстау облысындағы Бейнеу кентінде магистральды газ құбырында жарылыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
18 наурыз күні шамамен сағат 23.00 шамасында Бейнеу ауылындағы “ИнтергазОрталықАзия” АҚ-ның САЦ-4 магистральды газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт шыққан.
– Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр, – делінген хабарламада.