Қазақстанда балабақшаға кезек алудың бірыңғай базасы әзірленді

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елімізде мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында кезекті есепке алудың бірыңғай базасы әзірленді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 Жоба қазіргі уақытта Қарағанды облысының Шахтинск қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында, Атырау және Шымкент қалаларында, сонымен қатар Павлодар облысының 8 ауданында пилоттық режимде іске асырылып жатыр,  делінген таратылған ақпаратта.