Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

Айдын Айымбетовтің жаңа қызметке кіріскені 18 наурызда, дәлірек айтқанда Республикалық ғарыштық байланыс орталығының 20 жылдығына арналған іс-шара барысында белгілі болды.

Айдын Айымбетов «Бәйтерек» БК» АҚ-ны басқарды. Бұл туралы Республикалық ғарыштық байланыс орталығының баспасөз қызметі хабарлады,  – деп жазады Aikyn.kz.

Айдын Айымбетовтің жаңа қызметке кіріскені 18 наурызда, дәлірек айтқанда Республикалық ғарыштық байланыс орталығының 20 жылдығына арналған іс-шара барысында белгілі болды.

Айта кетейік, 2021 жылдың қыркүйегінде Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

Айдын Айымбетов – қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры.