Терапевт Оксана Пивоварованың айтуынша, қызыл ет пен майлы сүтті азайтса, қандағы холестерин деңгейін қалыпқа келтіру мүмкін. Сондықтан маман рационнан трансмайлар – чипстер, попкорн, кілегей және кондитерлік өнімдерді алып тастауға кеңес берді. Бұл жайында "NEWS.ru" хабарлады.
"Артериялық қысымды түсіру және холестерин сіңуін төмендету үшін Омега-3 майлы қышқылдарына бай және ерігіш жасұныққа бай өнімдерді көбірек жеңіз. Жасұнық незінен жемістер, бидай, көкөністер, бұршақтылар, пияз және цикорийда болады. Тәтті газдалған сусындардың орнына таза су ішіңіз", – деді дәрігер.
Дәрігер холестерин деңгейін түсіру үшін алкогольді сусындарды барынша азайтуды да ескертті. Себебі олар артериялық қысымды арттырады, жүрек жеткіліксіздігі мен инсульттің дамуын ынталандырады.
"Артық салмақтан арылуға тырысыңыз, темекіден бас тартыңыз. Аптасына бес күн ең болмағанда 30 минут спортпен айналысыңыз. Күнделікті өмірде көбірек қозғалуға тырысыңыз: баспалдақпен жүріңіз, көлікті кеңседен алыс жерге қойыңыз, түскі ас кезінде далада серуендеңіз", – дейді Оксана Пивоварова.