Елена Рыбакина бұл турнирді екінші айналымнан бастады. Ол даниялық Клара Таусонды ұтты.
Екі жарым сағатқа созылған кездесу 3:6, 7:5, 6:4 есебімен аяқталып, қазақстандық теннисші жарыстың үшінші кезеңіне өтті.
Рыбакинаның келесі қарсыласы америкалық Тейлор Таунсенд кездеседі.
Естеріңізде болса, былтыр Майамиде қазақстандық теннисші финалға дейін жетіп, чехиялық Петра Квитоваға есе жіберген (6:7, 2:6) еді. Оның үстіне, наурыздың басында денсаулығына байланысты Индиан-Уэллстегі "Мастерс" санатындағы турнирге қатыса алмаған болатын.