Әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаев елордадағы мейрамхананың бірінде барменді боқтап-бұралақтап, қорқытып жатқан видеосы таралып кетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Бейнежазбада "Әңгімеге араласпай, тыныш тұр! Сен кімсің? Бар-жоғы барменсің. Әйтпесе, өкінесің! Вискиіңді құй маған...", – деп дікеңдеп тұрған азамат артқы жағынан түсіп қалған.
Жұрт әлгі бейнежазбаны қызу талқыға салды. Тіпті, барменді боқтап-бұралақтаған азаматты бұрынғы министрге ұқсатып, оған деген наразылығын білдіріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Қуандық Бишімбаевқа Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтіргені үшін айып тағылып отыр. Негізгі сот талқылауы 27 наурызға жоспарланған. Бишімбаевтың өзі болса, кінәсін мойындап отырған жоқ.