Алматы облысындағы апат: Кеген-Нарынқол жолын су басты

Өңірдегі ауа райы күрт жылынып, қардың тез еруі салдарынан жолды су басып қалған.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарлауынша, апат бір күн бұрын кешкі сағат тоғыздар шамасында болған.  Райымбек ауданының Қайнар және Текес ауылдарынан 60 шақырым жерде Кеген-Нарынқол тасжолында еріген қар суынан тасқын болды. 

Өңірдегі  ауа райы күрт жылынып, қардың тез еруі салдарынан жолды су басып қалған. Тасжолдың жалпы ұзындығы 80 метрдей болды. Көлік қозғалысына әзірге  ешқандай шектеу жоқ.  Қазір су басқан аумаққа диаметрі бір метрге жуық су өткізгіш құбыр орнатылды.

Ведомствоның мәліметінше, суды ағызып, жолды тазалап, уақытша жол белгілерін орнатуға 10 қызметкер мен үш техника жұмылдырылған. Тәулік бойы  мониторинг жүргізіледі.