Павлодар облысында су қоймасынан екі балықшының денесі табылды

22 наурызда сағат 20.33-те Екібастұз қаласының ГРЭС-2 ауданында, "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына түсіп кеткені туралы хабар түскен.

Павлодар облысында су қоймасынан екі балықшы өлі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ер адамдар балық аулауға Павлодардан келгендері анықталды. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кеткен. 

23 наурызда сағат 07.20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денелері су қоймасынан алынды.

Павлодар облысының ТЖД мұздың қазір өте жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.