Бизнестегі арулар
Бизнестегі арулар
491
оқылды
Қазақстанда әйелдерге қандай бизнес ашқан тиімді? Іс­кер әйел қандай болуы керек?  Әйел заты­ның бақыты мен құқығы, қо­ғамдағы орны мен алар үлес-еншісі қан­дай? Жал­пы, бақытты бизнестен та­бу мүмкін бе? Бұл сауал­дар­ға бір сөзбен жауап бе­ру қиындау. Дегенмен соң­­ғы жылдары еліміздегі қыз-келіншектердің дені кә­сіп­кер­лікпен айналысуға кө­бірек ден қоя бастағаны бай­­қалады.  «Атамекен» ҰКП жанынан құ­рыл­ған Іскер әйелдер кеңесінің мә­­ліметіне сүйенсек, Қазақ­стан­да­­­ғы шағын және орта бизнес (ШОБ) саласында әйелдердің 60%-ы жұ­мыс істейді. ШОБ мем­ле­кетіміздің ЖІӨ-нің 30%-ын қам­­­тамасыз етіп отыр­ған әлеуеті өте зор сала. Жо­ғарыдағы көрсет­кіш­­ті экономи­касы дамыған ба­қ­уат­­­ты елдердегі жағдаймен са­лыс­ты­рар болсақ, АҚШ-та шағын және орта кәсіп­керлікте әйелдер – 52%, Герма­ния­да – 50%, Жапонияда – 55%. Бұдан бөлек, қазақстандық қыз-келіншектер еңбегі еліміздің ЖІӨ-нің 40% беріп отырғанын ай­та кеткеніміз жөн. Өйткені біз­дегі халықтың экономикалық бел­сен­ді бөлігі 9 миллионның үстінде де­сек, оның 4,2 миллионы нәзік жан­дылар. Дегенмен техникалық салада ер адамдар көбірек жұмыс істесе, эко­номиканың өзге сек­тор­ларын­да, мәселен, банк ісі, қызмет көр­сету, мейрамхана және қонақүй биз­несінде әйелдер белсенді қыз­мет етіп жатыр. Әйелдер кәсібінің не­гіз­гі бөлігі – жеңіл өнеркәсіп жә­­не онда жұмыс істейтіндердің 90%-ы қыз-келіншектер. Биыл­­ғы 20 ақпанда Алматыда өт­кен Women in Business фору­мын­да Іскер әйелдер кеңесінің тө­райы­мы Ләззат Рамазанова кеңес құра­мындағы 1 725 кәсіпкердің көбі  көп­балалы ана екенін айтты. Оған қо­са, форумға қатысқандар Ал­ма­ты қаласындағы кәсіпкерлердің 43% нәзік жандылар екенін, ол өз ке­зегінде мегаполистегі ШОБ-тің қа­­рыштап дамуына себепкер болу­да. Women in Business фору­мын­да «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі­нің» төрайымы Ләззат Ибрагимова бір қызық деректі ұсынды. Елімізде несие рәсім­дегендер арасында әйел заты ерлерге қарағанда оны уа­­қытында қайтаруға әрі мер­зі­мі­нен бұрын жауып тастауға бейім бо­­лады екен. Оның үстіне, әйелдер ер­лерге қарағанда аз сома мөл­шер­інде несие рәсімдейді. «Қазақ­стан Ха­лық Банкі» АҚ төрайымы Үміт Шаях­метованың айтуынша, NPL дең­гейі (90 күннен асып кет­кен қа­рыздар) әйелдер арасында 3,9% болса, еркектерде – 4,9%. Де­мек, әйелдерді банктер де ұна­татын болса керек. Әйтсе де, әйелдің еңбегін әділ ба­ға­лауда әлі де алалау бар екені жа­­сырын емес. Бұл, әсіресе жа­ла­қы беру ісінде байқалуда. Korn Ferry компаниясы мен HR-зерттеу ұйы­мының дерегінше, ер мен әйел­дің еңбекақысында алшақтық бар. Мәселен, өсімдік шаруа­шы­лығы мен мал шаруашылығында әйел­дер еркектерден 45% аз айлық алса, қонақүй және мейрамхана биз­несінде айырмашылық – 40,1%. Дегенмен текстиль өнімдері са­ласында қыз-келіншектер ер­лер­ден 37,5%-ға жоғары жалақы ала­ды екен. Статистика комитетінің 2017 жыл­ғы дерегіне сүйенсек, жұмыс іс­тейтін әйелдердің жартысынан кө­бі (52,5%) 90 мың теңгеден аз ақ­ша алған. Ал ер адамдарға шақ­қанда бұл көрсеткіш 38,9% кө­ле­мін­де болған. Оған қоса, жұ­мыс­пен қам­ту көрсеткіші де қыз-келін­шектерді жарылқай алмай отыр. Республикада әйелдер ара­сында жұ­мыссыздық – 5,5%, еркектерде – 4,4%. Десе де, қазіргі күні қоғамның қай саласын болмасын әйелдер қауы­мынсыз елестету мүмкін емес. Сонау 90-жылғы тоқырау кезеңінде де ер-азамат жұмыссыз қалып, дағдарған тұста қазақ әйелі тез ес жиып, «қара қазан, сары баланың» қамымен атқа мінгенін білеміз. Ел экономикасының еңсе тіктеуіне де әйелдердің үлесі үлкен. Қазір қызмет көрсету саласында түрлі кә­сіп көзін ашқан нәзік жандылар тұ­тас бір саланың дамуына мұрын­дық болып отыр. Сөзімізді қоры­тын­дылай келе, бизнесте жүрген Ару­ларды төл мерекесімен құттық­тап, еңбегіне табыс тілейміз.   Дастан ДУМАН  

ТОП-МЕНЕДЖЕР АРУЛАР

   width= Үміт Шаяхметова – 2009 жылдан бастап «Қа­зақ­стан Ха­лық Банкі» АҚ бас­қарма тө­райымы ­қыз­метін ат­қарады. Үміт Бо­лат­ханқызының бас­қаруындағы «Қа­зақ­стан Ха­лық Банкі» АҚ 2016 жылы «Қазақстан­ның үздік банк тобы»  атағын жеңіп алды.    width= Айгүл Нұриева – Қа­зақстандағы ең бай кә­сіп­кер әйелдің бірі. Бай­лығы 350 000 000 дол­­ларға ба­ғаланған. «Қазақте­леком» жә­не «Қаз­ком­­­мерц­банк» АҚ ак­­­­­­­­ция­­ларын ие­лен­ген.  Ашық ақпарат көз­­­­­дерін­дегі дерекке сүйен­сек, 2012 жы­лы кәсіпкердің байлығы 720 000 000 дол­лар саналыпты.    width= Гаухар Қаппарова – Қазақ­стан­дағы ең бай кәсіпкер әйел­дің бірі. 2019 жылы бай­­­лы­ғы 114 000 000 долларға ба­­­­ғалан­ған. Гаухар Қаппарова ұлы Нұрсұлтан екеуі Lancaster Group ком­паниялар тобының үлесіне ие­лік ете­ді. Оның құрамына мұ­най, тау-кен, фармацевтика сала­сындағы компаниялар кіреді.    width= Шолпан Нұрымбетова – 2016 жыл­дан бастап «Банк Kassa Nova» АҚ басқарма тө­райы­мы. Қаржы са­ла­сын­да 15 жылдық тәжірибесі бар. 2000 жылдардан бастап «Банк ТуранАлем», «Цеснабанк», «АТФБанк»-те түрлі бас­қару­шылық қыз­мет­терді атқарды. 2009 жыл­дан «Даму» кә­сіпкерлікті да­мыту қорында, «Альянс­Бан­к», «Темiрбанк», «ForteBank» басқармасы төраға­сы­ның орынбасары қызметін атқарды.