Ресей президенті Владимир Путин Крокус Сити Холлдағы терактіден кейін 24 наурызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
«24 наурызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын», – деді мемлекет басшысы телеарна арқылы халыққа жасаған үндеуінде.
Айта кетейік, кеше Мәскеуде Крокус Сити Холл концерт залында камуфляж киген адамдар "Пикник" тобының концерті алдында оқ жаудырған болатын.
Соңғы мәлімет бойынша, теракт құрбандарының саны 115-ке жетті.