Литваның Каунас қаласында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас турнирінде Қазақстан құрамасы сапынан жеңімпаз атанған алғашқы боксшы белгілі болды , – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшымыз Асылжан Серікбай финалда украиналық Денис Роздольскимен кездесіп, қарсыласын еш қиындықсыз жеңді.
Зәкір Сафиуллиннің шәкірті құлаштап сериялық соққылар жасауды жақсы меңгергенін көрсетті. Апперкоттары да керемет өтіп жатты. Нәтижесінде қарсыласын екі рет нокдаунға жіберген Асылжан айқын жеңіске қол жеткізді.
Бұған дейін Қазақстанның сегіз боксшысы Литвадағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.