«Екеумізді айырып жіберді»: әнші Балжан Бидаш Ұлан Қонысбаевпен тележобада өнер көрсетпейтінін айтты

Бұл жаңалық көрерменнің көңілін түсіргендей.

Әнші Балжан Бидаш «Егіз-лебіз» жобасында енді қазақстандық футболшы Ұлан Қонысбаевпен бірге өнер көрсетпейтінін айтты. 

«Егіз-лебізде Ұлан екеумізді айырып жіберді. Яғни, бүгін басқа жұппен шығамын», – деп жазды әнші Instagram парақшасында.  

Алайда бұл жаңалық көрерменнің көңілін түсіргендей. Оқырман сүйікті жұбының сахнада бірге өнер көрсеткенін қалайтынын жеткізді.

«Қызғанған болар керемет жұпты», «Жеңіп кетпесін деді ме?», – деп жазды желі қолданушылары.