Маңғыстау облысында бір үйдің үш баласы жоғалып кетіп, түнгі уақытта бір-ақ табылды. Бұл туралы Aikyn.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, Маңғыстау облысының ТЖД-на 2024 жылғы 23 наурызда сағат 20.30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, үйлеріне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Ұлдар 2012, 2014, 2018 жылдары туған.
«Іздестіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды.
24 наурыз күні сағат 03.40-та жоғалған балалар көрші үйдің аумағында шаруашылық құрылысында табылды. Медициналық көмек қажет болмады», – делінген хабарламада.