Бұл акцияны елордадағы 30-дан астам нысан қолдады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кеше сағат 20.30-21.30 аралығында "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы өтті. Осы уақыт аралығында әлемнің әртүрлі сәулет нысандары мен ғимараттарында жарық бір сағатқа өшірілді.
"Жер сағаты" — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) демеушілігімен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 2 миллиардтан астам адам атсалысады. Бұл әртүрлі елде миллиондаған адамдар 1 сағатқа жарық пен электр құралдарын өшіретін, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтарын өшіретін уақыт.
2024 жылы Қазақстанда "Жер сағаты" еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналған.
Астана әкімдігінің ақпараты бойынша, акция аясында елордада бір уақытта 30-дан астам нысанда жарық өшірілді.