Қарағандыда өртенген үйден ер адамның денесі табылды

Оқиға бүгін болған.

Қарағандыда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖД өртенген пәтерден 1953 жылы туған ер адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді. 

«Бүгін сағат 17.48-де ТЖД кезекшісінің пультіне 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды. Сондай-ақ өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады»,  деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Өртті жоюға жеке құрамның 30 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды. Өрттің шығуына алдын ала болжамға сай электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.