BMW автомобиль концерні алғашқы электр көлігін таныстырғаны туралы businessinsider.com сайты арнайы мақала жариялады. Aikyn.kz жол талғамайтын көлік Tesla Model Y моделімен бәсекелесуге қаншалықты дайын екенін талдайды.
BMW-ның Vision Neue Klasse X атты жаңа электр көлігі нарықта Tesla Model Y сияқты электр көліктерімен бәсекелес болатын сияқты. Автокөлік 2025 жылы жаппай өндіріске еніп, BMW электромобильдерінің ауқымын кеңейтеді деп күтілуде.
Vision Neue Klasse X моделін алғаш көргенде компанияның 2025 жылы жолға шығатын электр көліктерінің футуристік және кербез дизайнын байқаймыз. Өткен жылы BMW компаниясы Vision Neue Klasse жаңа седан электромобилінің алғашқы бейнелерін желіде жариялаған болатын.
«Бұл BMW брендін қайта құру», – дейді BMW Басқармасының Төрағасы Оливер Зипсе. Жаңа электромобильдерде BMW өзінің классикалық торын және заманауи жаңартылған қос фараларын сақтайды.
BMW өзінің жаңа бағдарламалық құралын Super Brain деп атайды. Көлікке орнатылған бұл супер ми жүргізуді тегіс және тиімдірек етуге арналған өнімділігі жоғары компьютерлік жүйеге енгізілген.
Автокөлік екі жақты зарядтайды, яғни ол электр қуатын қабылдай алады және оны үйді немесе желіні толтыру үшін сақтай алады. Кемпинг кезінде «электрлі велосипедті зарядтау немесе электр жабдықтарын қуаттандыру үшін пайдалануға болады» делінген компанияның баспасөз мәлімдемесінде. Зарядтау жылдамдығы да 30%-ға жақсартылған. Жүргізушілерге көлігін 300 шақырымға дейін зарядтау үшін бар болғаны 10 минут қажет.
Пайдаланушылар рөл дөңгелегін пайдаланып жеке автокөлік дыбыстарын орната алады. Яғни, сіздің электрлі көлігіңіз дәстүрлі көліктердің дыбысын шығарып жүреді. Бұл үнсіз қозғалатын электр көліктерін жаяу жүргіншілер, құлаққап тағып алған жастар алыстан сезуі үшін, қауіпсіздік үшін маңызды техникалық қасиет.
Алғашқы BMW Vision Neue Klasse X электрлі көліктері 2025 жылы Венгриядағы Дебрецен зауытынан шығатын болады. Компания көліктің қанша тұратыны туралы ақпаратты әлі жариялаған жоқ.