Көкшетауда мектепті су басты

Көкшетауда күннің жылынуынан қар еріп, мектепті су басып қалды.

Көкшетаулықтар мектеп дәліздері мен сынып бөлмелерін еріген қар суы басып қалғанын айтып, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Бұл жағдайға облыстық Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді, – деп KAZ.NUR-ға сілтеме жасап Аikyn.kz хабарлайды. 

Видео Instagram желісіндегі sinegor.kz парақшасында жарияланды.

Жазба авторларының айтуынша, Көкшетауда Бірлік ықшам ауданындағы №22 орта мектепті су басқан.

"Бұл қардың еруінің салдары. Мектеп оқушыларының демалысқа шыққаны жақсы болған", – деп жазады автор.

Жазбаға пікірде Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті жағдайға қатысты түсініктеме беріп, ведомство мектеп жертөлесіндегі су сорылып біткенін атап өтті.

"Су басу себебі ішке өтетін электр коммуникацияларының саңылауларының герметизацияланбауы. Қазір жертөлеге судың ағуы тоқтатылды", – делінген ведомство хабарламасында.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кокшетау. Акмолинская область. Новости. Реклама (@sinegor.kz)