Рамазан айындағы күтпеген оқиғаның видеосын алматылық кәсіпкер Алмасбек Батыр Instagram-дағы парақшасында жариялады. Кәсіпкер өзіне көмектескен курьер жігітке мопед сыйлаған.
Шақырту бойынша кәсіпкер үйіне келген курьерден: "Қатты ауырып тұрмын, дәріге ақша берші" деп сұраған. Басында курьер жігіт: "Несием бар, ақшаны соған жұмсауым керек" дегенімен, жігіт емге ақша берген.
Кәсіпкер одан неге райынан қайтқанын сұрағанда "Рамазан айы ғой, көмектесейін дедім", – дейді ол. Сол кезде кәсіпкер: "Жақсылық жақсылықпен қайтады" деп оны су жаңа мопедтің жанына ертіп келіп, қолына кілт ұстатады.
"Өмірімде мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Ондайға сенбеуші едім. "Қойылым, өтірік" деп. Курьер жұмысына үшінші рет шыққан едім. Міне, осындай тосынсыйға тап болып тұрмын", – дейді таң-тамаша болған жас жігіт видеода.