Көкшетауда еріген қар суынан іші малмандай суға толған Бірлік шағынауданындағы №22 орта мектепке облыс әкімі Марат Ахметжанов барып жағдайды білді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, мектептің ішіне дейін су кіріп кетуіне ішкі электр желілері өтетін саңылаулардың дұрыс бітелмеуі себеп болған.
– Мектептің ішіне дейін кіріп кеткен суды сорып алуға барлық күш-құрылымдары жұмылдырылып, жедел жұмыс жүргізді. Материалдық шығын келтірілген жоқ. Қазіргі уақытта жертөле ғимараттарының жағдайы қанағаттанарлық. Көкшетау қаласының әкімдігімен мектеп аумағынан суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Өңір басшысы барлық аудандар мен қалалардың әкімдеріне мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандарды толықтай аралап тексеруді тапсырды. Сондай-ақ су өткізу арықтарын тазарту, елді мекендерден қар шығару жұмыстарын белсендіруді жүктеді.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы