Қостанай облысының екі ауданында және бір қаласында төтенше жағдай жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қостанай облысы Арқалық қаласы, Амангелді және Жанкелді аудандарында төтенше жағдай енгізілді», – делінген хабарламада.
Қостанай облысында су тасқыны кезінде зардап шеккендер үшін жедел желі жұмыс істейді – 8 (7142) 50 19 60. Осы нөмір бойынша психологиялық қызмет тобы жұмыс істейді.