Алматыда бірқатар алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Polisia.kz-тің жазуынша, Ақтау қаласының 57 жастағы тұрғыны аңғал азаматтарға пәтер мен көлікті нарықтағы құнынан төмен бағамен сатып алуды ұсынған. Жәбірленушілердің қаражатын иемденіп алған әйел оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің 3 алаяқтық дерегіне қатысы дәлелденді. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматша қамауда отыр, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.