Атырауда емханалардың бірінің бас дәрігері 51 миллион теңге жымқырған

​Атырауда Геолог емханасының бас дәрігері қаржыны талан-таражға салғаны үшін тергеліп жатыр.

Қалалық прокуратураның тексеріс жұмыстары барысында Геолог ықшамаудандағы емхананың бас дәрігері 51 миллион теңгеге жуық қаржыны иемденгені анықталған,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бас дәрігер іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін жеке кәсіпкердің шотына ақша аударған", – деп жазылған "Ақ Жайық" басылымының мәліметінде.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы  4-бөлігі ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі тергеп жатыр.