Бұл қаржы отбасының әрбір мүшесіне беріледі. Демек, бір отбасына орта есеппен 600 мың теңге аударылады, – деп жазды Aikyn.kz.
Облыс әкімдігі су тасқынынан зардап шеккендерге 18 млн теңгеден аса қаражат аударды.
Бұл төлемдер тұрғын үй жалдау, азық-түлік, киім-кешек сатып алуға бөлінеді.
Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ қираған үй мен мал басын қалпына келтіруге де ақша қарастырылған.
Үйге су жарты сағат кірсе де, бұл отбасылар су тасқынынан зардап шеккен болып саналады. Ешкім мемлекеттің көмегінсіз қалмайды, – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.