Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен шұғыл кеңес қорытындысы жөнінде пікір білдірді, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы су тасқынына қатысты шұғыл жиналыс өткізді. Барлық құзыретті органға тиісті тапсырма берілді. Кінәлі тұлғалардың барлығы тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Зардап шеккен адамдардың барлық шығыны өтеледі. Үкіметте республикалық штаб құрылып, барлық мәселені тәулік бойы бақылауда ұстайтын боламыз, – деді Бектенов.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізген болатын.