Спортшы Илья Ильин әнші Зарина Омароваға ғашық болған кезі туралы айтты.
Зілтемірші «Алғашқы» бағдарламасында қонақ болды.
«Зарина менің алғашқы махаббатым болды. Біз пойызда таныстық. Бір спортшылармен кетіп бара жатқанбыз. Жаспыз, жалындап тұрған кезіміз. Заринаның нөмірін алып үлгердім. Досыма «Мына қыз маған ұнап қалған сияқты» дедім. Ол танымал әнші, жұлдыз еді. Бірер күннен кейін оған телефон соқтым. Жағдайын сұрадым, кездесуге шақырдым. Ол келісіп, кездесуге келді. Солай басталды бәрі. Оның жеке көлігі болатын. Менің баратын жерім жаттығу залы, жатақхана... Үш-төрт ай араластық қой деймін. Ол жауапсыз махаббат болды. Менің алғашқы ғашығым болған соң қатты уайымдадым. Кейін күресуден пайда таппайтынымды біліп, өз жөніме кеттім», - дейді спортшы.
Әнші Зарина Омарова спортшы сезімін білдіргенін айтты. Алайда оның әншіден жасы кіші болған екен.
«Он жеті жасында командасымен пойызбен Алматыға келе жатқан. Мен гастрольден келе жатқанмын. Телефон алмасып, дос ретінде араласып жүрдік. Махаббатымыз ұзаққа созылмады. Ол кезде жасы кіші жігітпен қарым-қатынас дұрыс емес деп есептелетін. Бірақ «Алғашқы махаббатымсың» деп ашық айтты. Мен алшақтай бастағанда «Мені әлі теледидардан көресің, чемпион боламын» деген», - дейді Зарина Омарова.