Президент Наталья Годунованы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы қызметінен босатты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығымен Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымынан босатылды»,  деп жазылған Ақорда хабарламасында.